Рейд кезінде 774 заңсыз ау анықталды

1216

ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көлінде рейд жүргізді. 

Рейд кезінде 774 заңсыз ау анықталды

Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасында рұқсатсыз құрылған аулардан 688 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қазанның 8-12 аралығында ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көлінде рейд жүргізді. Инспекторлар аталған учаскелерден рұқсатсыз орнатылған 774 ау анықтаған. Мамандардың айтуынша, аулардың көзі жойылған. Алайда, 688 келі балық өлген. Олардың ішінде көксерке, шабақ, шортан және алабұға бар.

"Рейд барысында балық аулау ережесін бұзушылықтар анықталды, соның нәтижесінде 9 құқық бұзушыға 383-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деп хабарлады ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы.

Айта кетсек, рейдті жүргізу үшін инспекторларға 3 – теплоход, 2 – катер, 11 – моторлы қайық, 5 – машина және 24 адам жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу