"Рейхстагқа 8 сағат бойы жер бауырлап жеткен": Рақымжан Қошқарбаевтың қызы әкесінің ерлігі жайлы айтып берді

4500

Әлия Қошқарбаева әкесі туралы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Таңшолпан" бағдарламасына сілтеме жасап.  

"Рейхстагқа 8 сағат бойы жер бауырлап жеткен": Рақымжан Қошқарбаевтың қызы әкесінің ерлігі жайлы айтып берді Фото: Бейнежазбадан

"Ол соғыс жайлы көп айта бермейтін. Әкемнің рейхстагқа алғашқы болып ту тіккен қазақ екеніне мақтанамын. Менің жолым болды дейтін. 19 жаста ерлік жасады. Қазіргі балалар не ойлайды? Батырлықты ойламайды ғой. 30 сәуірде рейхстагқа ту тіккенде тірі қалған Григорий Болатов екеуміз деп айтатын. Жан-жақтан атқылаған оқтан аман қалу өте қиын. 8 сағат бойы бас көтермей, жер бауырлап рейхстагқа жеткен. Сол кезде 400 метр жерге бас көтермей жеткенде екі адам ғана тірі қалған ғой", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу