"Бұл істі зерттеу кезінде осы рейспен ұшуы тиіс болған 27 жастағы елорда тұрғыны анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігі "ұсақ бұзақылық" және 73-2-бабы "ұрып-соғу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. "Ұрып-соғу" бабы бойынша толтырылған хаттама сотқа жолданады, ол сотта қаралады", - деп мәлім етті Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу