"Рейске үлгермей қалған": Алматы әуежайында өзін өртемек болған ер адам туралы тың дерек шықты

182

Ер адамның жағдайы ауыр. 

"Рейске үлгермей қалған": Алматы әуежайында өзін өртемек болған ер адам туралы тың дерек шықты Фото: бейнежазбадан

Алматы әуежайында өзін-өзі өртеп жібермек болған ер адамға қатысты тағы бір мәлімет шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Nur Ai&Co туристік агенттігінің директоры Гүлмира Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Ол кіріп келіп, телефон сұрады да, біреуге қоңырау шалды. Рейске үлгермей қалғанын айтып, кейін үстіне бензин құйып жіберді. Біздің агент сыртқа шығуын өтінді, ол рұқсат беріп, оны шығарып жіберді. Кейін ол өзін өртеп жіберді. Біздің қызметкеріміз Ксения өте жылдам әрі нақты әрекет етті. 

Бейнежазбада бұл сәттер үш есе жылдамдатылған режимде көрсетілген", – деді туристік агенттік директоры.

Оның жазуынша, ер адамның қолында тұтанғыш сұйықтық болған.

"Бұл адамды танымаймыз, ол жай ғана клиент. Агентпен ешқандай жанжал болмаған", – деп жазды Гүлмира Сәдуақасова.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, бұған дейін Алматы әуежайында өзіне от қойған ер адамның әрекетіне не түрткі болғанын жазғанбыз. Оның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Оқиға күні кеше болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу