"Рейтингті біз жасаған жоқпыз": Министрлік Қазақстандағы интернет жылдамдығы Жапонияны артқа тастағанына пікір білдірді

134

Күні кеше Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте 57-орынға тұрақтады.

"Рейтингті біз жасаған жоқпыз": Министрлік Қазақстандағы интернет жылдамдығы Жапонияны артқа тастағанына пікір білдірді Фото: canva.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елдегі интернет жылдамдығына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл ақпарат растауды қажет етпейді. Негізінен бұл әлемдік рейтинг. Оны біз жасаған жоқпыз. Ол Speedtest компаниясының қосымшасы арқылы жасалды. Сондықтан бұл біздің құзыретімізге кірмейді", – деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Тілшілер "Олардың ақпараты сіздердікімен сәйкес келе ме? Біз интернет жылдамдығы бойынша Жапониядан асып кеттік пе?" деп нақтылады.

Вице-министр "иә" деп қысқа қайырды.

Асхат Оразбек қазақстандықтардың интернет сапасын бағалау құқығы бар екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу