Рекордтар кітабына жаңа спорттық рекорд тіркелді

1068

Рекордтар кітабына жаңа спорттық рекорд тіркелді

Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары денені жерге түсіріп-көтеру жаттығуын миллион рет орындады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға шаһардың бес мың тұрғыны қатысты. Олардың арасында қала əкімдігінің барлық қызметкері де болды.

Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты.

Спорттық рекордты КИнЭС-2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, арнайы сертификат тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу