Рекрутинг агенттіктерінің қызмет көлемі 7% өсті

513

2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көлемі 7%-ға өсті.

Рекрутинг агенттіктерінің қызмет көлемі 7% өсті Фото: Finassessment

2023 жылғы қаңтар-наурызда халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілген қызмет көлемі 123,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде 1,2 млрд теңгенің қызметін немесе барлық көлемнің 1% жеке кәсіпкерлер, қалғанын кәсіпорындар көрсеткен. Жалпы кадрлық қызметтердің 4,2%, яғни 5,2 млрд тг ауылдық жерлерде көрсетілген.

Қызметтердің басым бөлігі Атырау (91,8 млрд. тг), Маңғыстау (6,3 млрд. тг) және Батыс Қазақстан облыстарында (5,1 млрд. тг) көрсетілген. Қызметтердің ең аз көлемі Солтүстік Қазақстан облысында – 58,9 мың тг. 

Жұмысқа орналастыру қызметіне тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру жөніндегі кадр агенттіктерінің қызметі, еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі өзге де қызмет қызметтер кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу