Ректор пара берді деген күдікке ілінді

1902

Азамат Едирисов "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселелерін оң шешу және жалпы қамқорлыққа ие болу үшін 5 мың АҚШ долларын берген. 

Ректор пара берді деген күдікке ілінді

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің ректоры "пара беру" фактісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Atameken Business.

Ұлттық бюро мәліметінше, Азамат Едирисов білім мен ғылым министрлігіне қарасты "Ғылым қоры" акционерлік қоғамының  басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселелерін оң шешу және жалпы қамқорлыққа ие болу үшін 5 мың АҚШ долларын берген. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ғылым қоры" басқарма төрағасының үстінен де пара алды деген күдік бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазір екі азаматтың да үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу