Ректорларды конкурстық негізде тағайындаудың қандай артықшылықтары бар?

1047

ҚР білім және ғылым министрі ректорларды тағайындау тәртібіндегі өзгерістің артық тұстарын атап көрсетті.

Ректорларды конкурстық негізде тағайындаудың қандай артықшылықтары бар?

Ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткіземіз? ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында осы туралы тарқатып жазды.

"Біріншіден, ашық конкурс. Бұл кезеңде ректор лауазымы кандидатурасы талаптарына сәйкес келетін кез келген адам конкурсқа қатысуға өтініш бере алады. Екіншіден, айқындылық. Барлық кандидаттар тиісті ЖОО-ның Бақылау кеңесінде әңгімелесуден өтеді. Үшіншіден, бағдарламалар сайысы мен бәсекелестік. Бұдан әрі, Білім және ғылым министрінің төрағалығымен республикалық комиссия үміткерлері ұсынып отырған "Жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламалары" жобаларын қарастырады. Төртіншіден, қоғам алдындағы жауапкершілік",– деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен ұлттық ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібі өзгерген болатын. 2008 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын Президент тағайындап келді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу