Ректорлардың рейтингі кадрлық шешім қабылдауға негіз болады

663

Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында жоғары оқу орындары ректорларының рейтингі енгізілетіні мәлімдеді. 

Ректорлардың рейтингі кадрлық шешім қабылдауға негіз болады

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары ректорларының рейтингін енгіземіз. Бұл өз кезегінде тетік болады. Рейтинг қорытындысы бойынша кадрлық әрі ұйымдастырушылық шешім қабылдаймыз", – деді министр.

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, еліміздің жоғары оқу орындары бәсекеге қабілетті болуға тиіс.

"Жоғары оқу орындарының жетістігі бірінші басшыларына байланысты. Сондықтан бұл мәселе біз үшін өте маңызды", –деді министр.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу