Рельстен шығып кеткен 8 жүк вагонынан 50 тонна дизель отыны төгілді

719

 Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға байланысты жедел штаб құрып, теміржол рельстерін ауыстыруда.

Рельстен шығып кеткен 8 жүк вагонынан 50 тонна дизель отыны төгілді

Ақмола облысында рельстен шығып кеткен 8 жүк вагонынан 50 тонна дизель отыны төгілді. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға байланысты жедел штаб құрып, теміржол рельстерін ауыстыруда. Сондай-ақ, аударылған вагондардың бесеуін қайта жолға қойды.

Өрт сөндіру қызметкерлері алдын-алу шаралын жүргізуде. Оқиға орнында 100 адам жұмыс істеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай 5 мамырда тіркелген. Болжам бойынша апатқа вагонның бүйір рамасының майысуы себеп болған. Келтірілген шығынды жүк вагонының меншік иесін өтейтін болады. Ал теміржол қозғалысы қалыпты жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу