Рельстерден бастап вагондар мен электровоздарға дейінгінің бәрін өзіміз өндіре бастадық – Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан озық технологияға негізделген өндірісті дамытуға жол ашты" деп есептейді.

Рельстерден бастап вагондар мен электровоздарға дейінгінің бәрін өзіміз өндіре бастадық – Мемлекет басшысы Фото: arbz.kz

Өйткені, соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 45 пайыздан асқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұны Қазақстан индустриясы дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп жатыр деуге болатындай.

– Кейінгі жылдары теміржол саласын дамытуда соны серпіліс жасадық. Рельстер мен шпалдардан бастап вагондар мен электровоздарға дейінгі қажеттінің бәрін өзіміз өндіре бастадық.

Автокөлік шығару ісі де қарқын алды. Жыл сайын конвейерден 150 мыңнан аса жеңіл және жүк көлігі шығады. Экономикадағы барлық стратегиялық салаға қан жүгірді деп айтуға болады.

Еліміздің өркендеуіне ауқымды шетелдік инвестиция септігін тигізіп отыр. Соңғы жеті жылдың ішінде тартылған қаражат көлемі 155 миллиард долларға жетті. Түрлі елдерге барып, жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шараларға қатысу Қазақстанның саяси беделін нығайтып қана қоймай, зор пайдасын да тигізуде.

Жыл басынан бері жалпы сомасы 60 миллиард доллар болатын 355 коммерциялық келісімге қол қойылды. Осының өзі көп нәрсені аңғартады, – деді Президент.

Еліміз Еуразияның жетекші көлік-логистика хабы ретінде позициясын нығайта түскені баршаға мәлім. Әуежайлар, вокзалдар, көпірлер, теңіз айлақтары салынып, жөндеуден өтіп жатыр. Шекара маңындағы инфрақұрылым да жаңғыртылуда.

Мемлекет басшысы бұл маңызды жұмыстар қарай да жалғасатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу