Renault былтыр айтарлықтай шығынға ұшырады

1119

Корпорация 2021 жылға арналған болжамын жариялаудан бас тартты. 

Renault былтыр айтарлықтай шығынға ұшырады

Renault автокөлік өндірушісі 2020 жылы 8 млрд еуро көлемінде шығынға ұшырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz корпорацияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап. Бұл компания тарихында болмаған жайт. 

Renault екінші жартыжылдықта шығынды сәл азайтқан. Осы кезеңдегі айналым капиталы 8,9%-ға кеміп, ал таза шығын 660 млн еуроға жеткен. Сонымен қатар көліктерді сату көрсеткіші 21,3%-ға төмендеген. 

Корпорация басшысы Лука де Меоның айтуынша, 2021 жылы компания қиындықтарға тап болады. "Санитарлық дағдарыс және электронды компоненттермен қамтамасыз етуге байланысты белгісіздік орнап отыр", – деді ол. Осы орайда корпорация 2021 жылға арналған болжамын жариялаудан бас тартты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу