Рэпер NAVAI Қазақстан шекарасында есірткіге қатысты күдікпен ұсталды

552

​Сахналық аты NAVAI-мен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына қатысы бар деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рэпер NAVAI Қазақстан шекарасында есірткіге қатысты күдікпен ұсталды Фото: peopletalk.ru

Полицияның мәліметінше, оқиға 13 қазанда Қордай шекара бекетінде болған. Қазақстанға кірмек болған әртісті полиция қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдері бірлесіп ұстаған.

Әнші отырған көлікті тексеру кезінде есірткі табылып, тәркіленген. Алайда әзірге қандай заттың және қанша мөлшерде анықталғаны жарияланған жоқ.

Аталған дерек бойынша есірткі контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жариялаудан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу