Репродуктивті денсаулық, инклюзивті даму және таңдау құқығы: БҰҰ конференциясында Қазақстан қандай мәселелерді көтерді?

400

2023 жылғы 19 қазанда Швейцарияда (Женева) "Халық пен даму: құқықтар мен таңдауды қамтамасыз ету" тақырыбында Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының Аймақтық конференциясы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Репродуктивті денсаулық, инклюзивті даму және таңдау құқығы: БҰҰ конференциясында Қазақстан қандай мәселелерді көтерді?

Елімізден барған делегация құрамында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова сөз сөйледі.

Ол конференцияға қатысушыларды Қазақстанның репродуктивті денсаулықты нығайтуға, инклюзивті дамуға және денсаулық сақтау мәселелерінде өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған шаралары туралы хабардар етті.

"Елімізде 190 жастар денсаулық орталығы бар, жасөспірімдерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін мамандар дайындалып, клиникалық хаттамалар жасалған. Медициналық қызметтерге қол жеткізу 18 жастан 16 жасқа дейін қысқартылды, бұл үшін ата-ананың рұқсаты талап етілмейді. 2025 жылға дейін шамамен 35 миллион доллар көлемінде медициналық жүйені тұрақты қаржыландыру қамтамасыз етілді", – деді Ләззат Рамазанова.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева өз сөзінде мүгедектердің репродуктивті денсаулығы туралы ақпаратқа қолжетімділікті шектейтін бірқатар проблемаларды атап өтті. Құқықтық сауаттылықтың төмендігі оларды зорлық-зомбылық пен қиянаттың нысанына айналдырады.

"Қазақстанда фертильді жастағы мүгедек әйелдердің тек 0,5 пайызы ғана тәуелсіз ана болу құқығын пайдаланады. ЮНФПА-мен бірлесе отырып, біз репродуктивті денсаулық пен отбасын жоспарлау мәселелері бойынша сапалы ақпаратқа қолжетімділікті жақсарту бойынша жұмысты бастадық. Барлық материалдар көру және есту қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктеріне лайықталды", – деді сенатор Ләззат Қалтаева.

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Назым Жанғазинова конференцияға қатысушы елдерде гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру үшін ақпараттық білім берудің маңыздылығы туралы мәселені көтерді.

Сондай-ақ, спикер барлық елдерде жыныстық және балалы болу тақырыптарында әйелдердің бірнешк құқығына басымдық беруге шақырды.

"Денсаулық саласында немесе жыныстық және балалы болу мәселелерінде таңдау құқығы негізгі мәселе болуы керек. Сондықтан адамдарға некеге тұру, бала туу және отбасыларының санына қатысты шешімді қабылдау үшін қажетті ақпаратты беру маңызды. Мысалы, Қазақстандағы Ұлттық комиссия әйелдерді қолдау бойынша жобалар мен бастамаларды белсенді түрде жүргізеді. Сонымен қатар, Ұлттық комиссияның ресми парақшаларында демографиялық проблемалалар және халықтың жартысы әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты маңызды тақырыптар көтеріледі. Комиссия мүшелерінің жеке әлеуметтік желілері арқылы Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін тақырыптарды тарқату мақсатында азаматтық қоғаммен тиімді өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады", – деді Назым Жанғазинова.

Басқосуда Қазақстан делегациясы бірқатар ұсыныстар жасады. Оның ішінде жасөспірімдер мен жастарға, әсіресе ерекше қажеттіліктері бар адамдарға назар аудара отырып, репродуктивті денсаулық мәселелеріне ерекше назар аудару да бар. Ана өлімін азайту бойынша жұмыстарды жалғастыру да сөз болды.

Үкіметтерге халықтың белсенді қартаюы мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, демографиялық даму бағдарламаларын әзірлеу ұсынылды. Сондай-ақ жас отбасыларды қолдау шараларын қарастыру қажеттігі айтылды.

Өңірлік конференция 2024 жылы атап өтілетін Халықты орналастыру және даму жөніндегі халықаралық конференцияның отыз жылдығы аясында қазанның 19-ы мен 20-сы аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу