Елімізде крио-консервация, яғни "эко" арқылы бала табу қарқын алып келеді. Жасанды жолмен ұрықтандырудың кең етек жаюына азаматтардың жиі бедеулікке ұшырауы себеп дейді мамандар. Осындай қатерден сақтанып, алдын ала ұрықтарын арнайы орталықтарда сақтап қоятындар көбейген. Олардың қатарында әйелдер де, ерлер де бар. Мұндай қадамға көбіне отбасын әлі құрмағандар және онкологиялық аурудан емделіп жатқан азаматтар баратын болып шықты. Қолдан ұрықтандыру қызметі медицина оратлықтарында 500-600 мың теңге тұрады. Ал, ұрықтарды құты ішінде сақтау құны жылына 40 мың теңге. Айта кетейік мемлекет мұндай арнайы бағдарламаларға бюджеттен ақша бөлмейді. Сондықтан баға нарыққа сай қымбаттап отырады. Дегенмен, өзге елдерге қарағанда әлдеқайда арзан. Сондай-ақ үкімет жылына 900-дей адамға квота бөліп отыр.
Вячеслав Локшин, Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті: "Егер әйел азамат отбасы құрғмаған және оның жасы 35 тен асып кетсе, оларға әлеуметтік крио консервация бар. Өзінің ұрығын қалаған уақытқа дейін осы орталықта сақтап отыра алады. Бұл қазір көптеген мемлекеттерде бар дүние. Бірақ өзге елдерде 2 есе қымбат. Сондықтан бізге келетиіндер көп."