Ресей 12-17 жастағы балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцинаны ресми тіркеді

761

Ресей Федерациясы 12-17 жастағы балаларға арналған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ресей 12-17 жастағы балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцинаны ресми тіркеді

Н. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жасөспірімдерге COVID-19-ға қарсы вакцинасын қолдану құқығын алды. Бұл туралы ҰҒО басшысының орынбасары Денис Логунов мәлімдеді. Қазан айының ортасында орталық директоры Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы вакцина "Спутник М" деп аталатынын хабарлаған болатын.

Жасөспірімдерге екпе ерікті негізде және ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана жасалатын болады.

Ал Ұлыбритания ғалымдары коронавирустың ауыр штамының қаупі бар екенін мәлімдеді. Олар B.1.1.529 штамының 32 ықтимал қауіпті мутациясын анықтады. Бұл өзгерістер белгілі SARS-CoV-2 нұсқаларына қарағанда вакциналарға төзімділігін арттыра түседі. Сонымен қатар мутация патогенді антиденелермен анықтауды қиындатады. Әзірге бұл штаммен инфекцияның 10 жағдайы анықталды. Үшеуі Бостванда, алтауы Оңтүстік Африкада, тағы біреуі Гонконгта тіркелген. Сарапшылар толық зерттеуге дейін жаңа штамның қаншалықты жұқпалы болатындығы туралы ақпарат ұсынған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу