Ведомство ақпаратына сәйкес, тараптар сауда-экономикалық саладағы, энергетика, өнеркәсіп, көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылаудың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, мәдениет, ғылым, білім және туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жылдық қорытындыларын шығарды.
Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық Одақ форматындағы өзара іс-қимыл және бірлескен ұстанымдарды әзірлеу мәселелері қаралды.
Қазақстанның үш қаласында – Көкшетау, Семей мен Өскеменде көмір ЖЭО салу туралы үкіметаралық келісімге осы жылдың сәуір айында қол қойылды.