Жердің табиғи серігін қашықтықтан зерттеуге арналған "Луна-26" орбиталық ғарыш аппаратын іске қосу 2027 жылға жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz.interfax.ru порталына сілтеме жасап.
“Луна-25”-тен кейін “Луна-26” ұшырылады. Оны іске қосу 2027 жылға жоспарланып отыр”, - деді Александр Блошенко.
Оның сөзінше, бұл айды қашықтықтан зерттеуге арналған орбиталық аппарат.
Өз кезегінде Ресейдің "Луна-25" планетааралық станциясын ұшыру биылғы 11 тамызға жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу