Ресей 30 тоннадан аса қазақстандық қызанақты шекарасынан өткізуге тыйым салды

671

Ресейлік кеденшілер Орынбор облысы "Сағаршын" бекетінде бұл өнімді қауіпті деп тапқан.    

Ресей 30 тоннадан аса қазақстандық қызанақты шекарасынан өткізуге тыйым салды Фото: ts-agro.com

"Россельхознадзор" дерегінше, бұл жүктің фитосанитарлық қаупі өте жоғары, деп жазады inbusiness.kz.

"Фитосанитарлық карантиндік бақылау барысында Қазақстаннан әкелінген қызанақ өнімдерінің екі партиясында (31 тонна) Еуразиялық экономикалық одақ аймағында таралмаған қауіпті ағза – томат вирусы (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) табылған.

"Карантиндік нысанның өміршең екені "Россельхознадзор" Орынбор референт орталығы" зертханасында тексеру барысында расталды", - деп хабарлады "Россельхознадзор" мекемесі.

РФ карантиндік заңнама талаптарына сәйкес қызанақтың екі партиясының елге кіргізілуіне тиым салынды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу