Ресей 4 миллионнан астам Украина азаматын елден шығаруы мүмкін

709

Ресей 4 миллионнан астам Украина азаматын елден шығаруы мүмкін

Ресей өз аумағындағы 4 миллионнан астам Украина азаматын елден шығаруы мүмкін, деп хабарлайды qazaqtimes.com.

"Ресми Киевтің Украина аумағына кіру үшін биометрикалық бақылау жасауына байлынысты Ресей билігі бұған жауап ретінде елде жұмыс істеп жүрген 4 миллионнан астам украиналықты мәдениетті түрде РФ аумағынан кетулерін сұрайтын болады" - деді РФ қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Франц Клинцевич журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Естеріңізге салайық, Украина билігі ел аумағына келетін шетел азаматарына биометрикалық бақылау енгізген болатын. Осыған байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей азаматтары Украина аумағына биометрикалық паспорт арқылы кіріп, электронды тіркеуге тұруы тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу