Ресей 400 мың тоннаға жуық астық ұрлады – Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі

906

Кислица Ресейдің астық элеваторларына, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына және тыңайтқыш қоймаларына шабуылдап, ауыл шаруашылығы көліктерін ұрлап жатқанын мәлімдеді.

Ресей 400 мың тоннаға жуық астық ұрлады – Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі

Ресей Украина мен әлемде азық-түлік дағдарысын қолдан жасауды көздеп отыр. Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Сергей Кислица осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол бұл туралы Украинаның бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің отырысында жариялады.

Айтуынша, осы күнге дейін Ресей Запорожье, Херсон, Донецк және Луганск облыстарының уақытша басып алынған аудандарынан 400 мың тоннаға жуық астық ұрлаған. Бұл осы аймақтардағы қордың үштен бірін құрайды.

"Негізі, ұрланған астық келесі егін науқанында пайдаланылуы тиіс еді. Енді аштық қаупі төніп тұр", – деді ол.

Сонымен қатар Кислица Ресейдің астық элеваторларына, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына және тыңайтқыш қоймаларына шабуылдап, ауыл шаруашылығы көліктерін ұрлап жатқанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, астық қоймаларын тонау, Украина порттарынан бағытталған жеткізілімдерді бұғаттау жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Табиғат Нұрболат

Фото: news.un.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу