Ресей адам құқығын бұзып жатыр - ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігі

1846

Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілінің орынбасары Мачей Мадалински Ресей мен Украина арасындағы жағдайдың ушығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ресей адам құқығын бұзып жатыр - ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігі

"Біз Қазақстан үкіметіне ұсыныстарды әзірледік. Онда Украина мәселесі де бар. Мұндай жағдайдың болуы өте өкінішті, өзекті өртейді. Ресей адам құқығын бұзып жатыр. Мұның бәрі біздің көз алдымызда болуда. Бұл тақырып та біз үшін маңызды. Өйткені соғыстың зардабын қарапайым халық тартып жатыр. Оның арасында қаншама бала мен жасөспірім бар. Өте өкінішті жағдай. Егер бұл соғыс тоқтамаса, оның салдары бұдан да қайғылы болуы мүмкін", – деді Мачей Мадалински.

Айта кетейік, биыл 24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Украинаны "денацификациялау" және "демилитаризациялау" мақсатында "арнайы әскери операция" бастағанын мәлімдеген. 

БҰҰ-ға мүше елдердің басым бөлігі мұны Ресей басқыншылығы деп атап, Мәскеуден Украинадан әскерін әкетуін талап еткен болатын.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу