Ресей ай бағдарламасын жандандыруға және "Луна-25" роботты кешенін іске қосуға ниетті. Ресей Президенті Владимир Путин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Ай бағдарламасын қайта бастаймыз. "Восточный" ғарыш айлағынан "Луна-25" ғарыштық роботтандырылған кешенінің автоматты аппараты ұшырылмақ", – деді ол.
"Біз ғарышты игерудегі сын-қатерлерге дайын болуымыз керек. Бұл Жердегі ұлттық даму мәселелерін тиімді шешу, қауіпсіздік пен технологиялық егемендігімізді нығайту, робототехника мен микроэлектроника, экология және медицина саласында жетістіктерге жету үшін керек", – деді Путин.
12 сәуірде Владимир Путин "Восточный" ғарыш айлағына Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен бірге барды. Олар тікұшақпен ғарыш айлағын аралап, ғарыш нысандары құрылысының барысымен танысты.
Табиғат Нұрболат