Ресей аймақтарының бірінде тұмаудан қайтқандар тіркелді

466

ЖРВИ-дің өршуі Ресейдің Хабаровск өлкесінде байқалады. 

Ресей аймақтарының бірінде тұмаудан қайтқандар тіркелді Фото: newizv.ru

Өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, тұмаудан екі адам қайтыс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz "Губерния" порталына сілтеме жасай отырып.

Өңірлік денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Юрий Бойченко аймақта бір апта ішінде тұмаудың 121 жағдайы анықталғанын жеткізді.

"Негізінен, сіз айтқандай, бұл шошқа тұмауы. Өкінішке орай, облыста тұмаудан қайтыс болған екі расталған жағдай бар", — деді Бойченко журналистерге.

Ол сондай-ақ аймақтағы ЖРВИ эпидемиялық шегі 200 пайыздан асқанын және науқастардың 70%-ы балалар екенін хабарлады.

Жағдайды жақсарту үшін Хабаровск өлкесінің билігі оқушыларды демалысқа мерзімінен бұрын жіберді, ал ауруханаларда бетперде режимі енгізіліп, кіргенде дене температурасы өлшенетін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу