Ресей АҚШ алмаған мұнайды не істейді?

5977

Биыл 8 наурызда АҚШ Ресейден мұнай және бірқатар мұнай өнімін, сұйытылған табиғи газды және көмірді импорттауға тыйым салды.

Ресей АҚШ алмаған мұнайды не істейді?

Ресей  үшін Америка Құрама Штаттары мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу бойынша негізгі нарық болып саналмайды. Бұл туралы Энергетика және қаржы институты энергетикалық бағыт жөніндегі бас директордың орынбасары Алексей Белогорьев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Оның айтуынша, РФ сатылмаған мұнайды Азия-Тынық мұхиты өңірі елдеріне қайта жібере алады.

"Мұнайдың бұл көлемі АҚШ-қа теңіз арқылы жеткізіледі. Оның құбырларға қатысы жоқ. Сондықтан мұнайдың бұл көлемін Азия-Тынық мұхиты өңіріне жеткізуге болады", – деді Алексей Белогорьев. 

Ол АҚШ нарығы үлкен екенін, бірақ ондағы жағдай өте құбылмалы болатынын атап өтті.

"Мысалы, 2020 жылы мұнай аз жеткізілді, ал 2021 жылы оның көлемі көп болды, жағдай құбылмалы. АҚШ Ресей мұнайын негізінен негізгі жеткізушілермен мәселе туындағын кезде теңестіру көзі көзі ретінде пайдаланды", – деді директорың орынбасары.

Айта кетейік, өткен жылы АҚШ-қа жеткізілетін ресейлік мұнайдың көлемі өсті. Бұл Мексика шығанағындағы өндіріспен туындаған мәселеге байланысты болды. Жалпы бір жылда Ресей Америка Құрама Штаттарына ірі мұнай жеткізуші елдердің қатарында төртінші орында болған. Бірақ 2020 жылы Ресей АҚШ-қа мұнай импортында тек сегізінші орынды иеленген еді.

2022 жылғы 8 наурызда АҚШ Ресейден мұнай және бірқатар мұнай өнімін, сұйытылған табиғи газды және көмірді импорттауға тыйым салды. Кейін Ұлыбритания жыл соңына дейін бұл елден мұнай мен мұнай өнімдерінің импортын тоқтататынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу