АҚШ санкцияларына қарсы қарымта қайтарған Ресей америкалық тауарларға салынатын баж салығын 25-40 пайызға дейін арттырды, деп хабарлайды Atameken TV.
Тауарлар қатарында тау-кен саласында қолданылатын жабдықтар, жүк тасымалдауға арналған көлік және жол құрылысына арналған техникалар бар. Тізімге енген тауарлардың жалпы құны - 87,6 млн доллар.
Естеріңізде болса, мамыр айында АҚШ Ресейден тасымалданатын болат пен алюминий тарифін 25 пайызға көтеріп жіберген болатын. Сауда тапшылығын азайту мақсатында жасалған әрекет екі ел арасындағы қарым-қатынасты ушықтырып жіберді. Кремль сауда соғысы салдарынан ел экономикасы 537,6 млн доллар шығынға ұшырағанын мәлімдеді.