АҚШ санкциясына 400-ден аса ресейлік компания мен елдің 200 азаматы ілінген. Бұл туралы мемдума сарапшысы Вячеслав Володин мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"АҚШ-тың санкциялары дұшпандыққа кетіп барады, бізде 400-ден астам заңды тұлға мен 200-ге жуық азамат санкцияға ілікті. Біз мемлекеттің мүддесін қорғап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, азаматтарымыздың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін барлығын жасауымыз керек", - дейді ол.
Бүгін мемлекеттік дума контрсанкция туралы заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды. Онда президент пен үкіметтің АҚШ пен өзге елдердің санкцияларына жауап бере алатын 16 шарасы белгіленеді.
Олардың ішінде АҚШ пен басқа да елдерден дәрі-дәрмек, ауыл шаруашылығы, ішімдік және темекі өнімдерін әкелуге тыйым салу қарастырылады. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданады деп күтілуде.