Ресей АҚШ-тан Қазақстанда әскери база құрмауды талап етті

3317

Сыртқы істер министрлігі тиісті құжатты америкалық тарапқа жіберді.

Ресей АҚШ-тан Қазақстанда әскери база құрмауды талап етті

Ресей Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) Қазақстанда әскери база құрмауды және оны НАТО құрамына қабылдамауды талап етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ресейдің Сыртқы істер министрлігі жариялаған құжатқа сілтеме жасап.

"АҚШ бұрын КСРО құрамына кірген және НАТО-ға мүше емес мемлекеттердің аумағында әскери базалар құрмауы, олардың инфрақұрылымын кез-келген әскери әрекетті жүргізу үшін пайдаланбауы, сондай-ақ олармен екіжақты әскери ынтымақтастықты дамытпауы керек", – деп жазылған құжатта.

Мәскеу Вашингтонға халықаралық ұйымдар, әскери одақтар немесе коалициялар аясында қарулы күштер мен қару-жарақтарды Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жерлерде орналастырудан бас тартуды ұсынды. 

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан одақтан соңғы болып шықты. Қазақстан мен Ресейден басқа Кеңес Одағының құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина және Эстония кірді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу