Ресей АҚШ-тан Лавровқа виза беруді сұрап отыр

727

Ақпан айында АҚШ Ресей Президенті Владимир Путинге және Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкциялар енгізді.

Ресей АҚШ-тан Лавровқа виза беруді сұрап  отыр

Ресей АҚШ-тан елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған Ресей делегациясына виза беруді сұрап етіп отыр. РФ тарапына америкалық виза Нью-Йоркте өтетін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына қатысу үшін керек.

Бұл туралы Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов мәлімдеді.

Оның айтуынша, АҚШ соңғы жылдары ресейлік дипломаттардың Құрама Штаттарға баруын қиындатып жіберген көрінеді.

"Біздің елшілік Ақ үйден, Мемлекеттік департаменттен министрге және Ресей делегациясының барлық мүшесіне виза беруін талап етті", – деді ол.

Еске сала кетсек, ақпан айында АҚШ Ресей Президенті Владимир Путинге және Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкциялар енгізді. Еуроодақ та осындай шара қабылдаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу