Ресей, АҚШ және Франция Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасайды

808

Бұған дейін Мәскеу өз позициясын білдірген еді.  

Ресей, АҚШ және Франция Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасайды

АҚШ, Ресей және Франция елдерінің президенттері бірлесіп, Таулы Қарабақ шиеленісіне қатысты мәлімдеме жасайды. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті.

"Ресейдің Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты мүшелерімен өткен кездесуде Қарабақтың жанасу шегіндегі ахуал талқыланды. Әлі күнге дейін басылмай отырған қақтығыстар алаңдатып отыр. Осы орайда Владимир Путин Ресей, АҚШ, Франция тараптары осы жағдайға қатысты пікірін білдіретінін жеткізді", – деді Песков.

Еске сала кетейік, Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған еді.Ресми Баку армяндар әзербайжандық позициялар мен елдімекендерге шабуылдады дегенді айтты.Ал Ереван болса, Қарабаққа шабуылдаған әзербайжандықтар және Түркия Әзербайжанды жауынгерлермен қамтамасыз етіп отыр деп жариялады. 

Халқының басым бөлігін армяндар құрайтын Таулы Қарабақ 1991 жылы Әзербайжаннан тәуелсіз екенін жариялаған болатын. Баку бұл аймақты күшпен қайтармақ болып, оның арты соғысқа ұласып кетті. 1992-1994 жылдары болған қақтығыста Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті ауданнан айырылып қалған болатын.

1994 жылы Әзербайжан, Армения және Таулы Қарабақ республикасы Ресейдің араласуымен уақытша бітімге келген. Бірақ сол уақыттан бері әскери әрекеттер тыйылмай келеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу