Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына өтемақы төледі

476

Әуе апатынан қаза тапқан 1 қазақстандықтың туыстары Ресейден өтемақы алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына өтемақы төледі Фото: aa.com.tr

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін сақтандыру міндеттемелері орындалмады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"АльфаСтрахование сақтандыру компаниясы төлемдерді ақпанда бастаған. Әуе кемесіне келтірілген залал толық өтелді. Жалпы 1,003 миллиард рубль. Сондай-ақ, 62 жолаушының 46-сының қаза табуына немесе жарақат алуына байланысты талаптар реттелді. Соның ішінде Қырғызстанның 3 азаматы мен 38 әзербайжандықтың 35-і бар. Төленген өтемақы қазірдің өзінде 358,4 миллион рубльге жетті", – деп жазылған мәлімдемеде.

Қазақстаннан 6 жолаушы осы апатта қаза болған еді. Соның біреуінің туысына өтемақы берілді.

"Рейстегі 62 жолаушының 46-сының жарақаты мен қазасы бойынша талаптар толығымен қанағаттандырылды: 15 ресейлік азаматтың – 7-іне, 38 әзербайжандық азаматтардың – 35-і үшін, барлық 3 қырғыз азаматы үшін және 6 қазақстандықтың біріне өтемақы берілген", – деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 24 желтоқсанында AZAL компаниясына тиесілі Embraer ұшағы Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатып, Ақтау қаласының жанында құлаған еді.

Әуе кемесінде 67 адам болған, олардың ішінде 5 экипаж мүшесі бар. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу