Ресей активтерінен түскен алғашқы 1,5 млрд еуро Украинаға қару-жарақ алуға беріледі

245

Мамыр айында ЕО елшілері Ресей Федерациясының бұғатталған активтерінен алынған пайданы қалай пайдалану бойынша ортақ шешімге келді.

Ресей активтерінен түскен алғашқы 1,5 млрд еуро Украинаға қару-жарақ алуға беріледі Фото: © AP Photo/ Francisco Seco

Еурокомиссия Украина үшін қару-жарақ сатып алуға Ресей Федерациясының бұғатталған активтерін қайта инвестициялаудан түскен кірістің 1,5 млрд еуроға алғашқы транш бөлетінін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Бүгін біз Ресейдің иммобилизацияланған активтерінен 1,5 миллиард еуро кірісті Украинаны қорғау және қалпына келтіру қажеттіліктеріне аудардық. Кремльдің ақшасына Украина мен бүкіл Еуропаны өмір сүруге қауіпсіз орынға айналдырудан артық қаражатты падалану амалын таппадық", — деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

Мамыр айында ЕО елшілері Ресей Федерациясының бұғатталған активтерінен алынған пайданы Украинаның қалпына келтіру және қорғаныс қажеттіліктерін қаржыландыру үшін пайдалануға келісті. Алдын ала келісімдерге сәйкес, Киев жылына шамамен 3 миллиард еуро алуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу