Ресей алдағы айларда Украинаның екі қаласына басып кірмек

612

Осы күнге дейін Украинада 31 500 ресейлік әскери жер жастанды.

Ресей алдағы айларда Украинаның екі қаласына басып кірмек

Ресей Федерациясы алдағы айларда Украинаның екі қаласына, яғни Николаев пен Запорожьеге шабуыл жасамақ.

Бұл туралы Николаев облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Виталий Ким мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әзірге Ресей өз әскерін сол аймақтарға көптеп шоғырландырып жатқан жоқ. Алайда ол жағдайдың күрт өзгеріп кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Алдағы айларда, менің ойымша, олар Запорожье мен Николаевқа шабуыл жасауы мүмкін", – деді ол. 

24 ақпаннан бері Ресей тәуелсіз Украина мемлекетінің шығысы мен оңтүстігіндегі бірқатар елді мекенді бақылауына алды. Украина Қарулы Күштерінің Бас штабының мәліметі бойынша, осы күнге дейін 31 500 ресейлік әскери жер жастандырылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу