Ресей алдағы үш жылда да әскери шығындарға көп қаражат жұмсамақ

341

Көрші ел шығынды жабу үшін ҚҚС көбейтіп, жаңа салықтар енгізбек. 

Ресей алдағы үш жылда да әскери шығындарға көп қаражат жұмсамақ Фото: Риа Новости

Ресей үкіметі 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын бекітті. тағы да әскери шығындарға басымдық беріліп отыр. Келесі жылы әскерге, полицияға және арнайы қызметтерге барлық қаражаттың 38 пайызы бағытталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Жоба бойынша қорғанысқа 12,6 триллион рубль бөлінеді, ал ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тағы 4,1 триллион рубль жұмсалады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 7,1 пайызына тең. 2025 жылы үкімет соғыс пен қауіпсіздікке шамамен 17 триллион рубль, яғни ІЖӨ-нің 8 пайызын жұмсауды жоспарлаған, алайда нақты шығындар одан да көп болған.

Reuters агенттігінің жазуынша, 2026 жылы "Ұлттық қорғаныс" тармағына бөлінетін қаражат 2025 жылға қарағанда бір триллион рубльге азайтылған. Сонымен бірге, полиция, Росгвардия және арнайы қызметтер қаржыландырылатын "Ұлттық қауіпсіздік және құқық қорғау қызметі" тармағына бөлінетін шығындар 2026 жылы 2025 жылға қарағанда жарты триллион рубльге көбейеді.

Жаңа шығындарды ақшамен қамту үшін үшін Қаржы министрлігі қосылған құн салығын 20%-дан 22%-ға арттыруды ұсынып отыр. Ведомство осылайша үш жыл ішінде бюджетке 4,4 триллион рубль кіріс әкелуді көздеп отыр.

"Жоспарланған қаражат қарулы күштерді техникамен және қарумен қамтамасыз етуге, әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге, олардың отбасыларын қолдауға және қорғаныс өнеркәсібін жаңғыртуға көмектеседі", – деді Қаржы министрі Антон Силуанов.

Басылымның жазуынша, соғыс салдарынан Ресей бюджеті қиындыққа тап болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу