Ресей әлемдегі ең ірі террористік ұйымға айналды – Зеленский

577

27 маусымда Ресей әскері Полтава облысындағы Кременчуг қаласына зымыранмен шабуыл жасады.

Ресей әлемдегі ең ірі террористік ұйымға айналды – Зеленский

Украина Президенті Владимир Зеленский "Ресей әлемдегі ең ірі террористік ұйымға айналды" деп мәлімдеді. Ол бұл туралы 27 маусымда кезекті бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Бүгін Харьков пен Солтүстік Салтовкаға жойқын шабуыл жасалды. Бес адамның қайтыс болғаны белгілі, 30-дан астам адам жараланды, олардың бесеуі – балалар. Барлығы да бейбіт адамдар, қатарында бірде-бір әскери жоқ. Ресей мемлекеті әлемдегі ең ірі террористік ұйымға айналды. Бұл – факт. Енді оны заңды фактке айналдыру керек. Әр адам Ресей мұнайын сатып алу, ресей банктерімен байланыс орнату, Ресей мемлекетіне салық мен баж төлеу террористерге ақша берумен пара-пар екенін білу керек", – деді Зеленский.

УНИАН агенттігінің дерегінше, 27 маусымда Ресей әскері Полтава облысындағы Кременчуг қаласына зымыранмен шабуыл жасады. Салдарынан 21 адам түрлі деңгейде жарақат алды, тағы 29 адамға амбулаторлық көмек көрсетілді. Зымыран соққысынан 13 адам қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу