Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын қадағалау қызметі бұйрық жобасын таныстырды бұйрық жобасын таныстырды. Онда ресейлік интернетті сыртқы күштерден оқшаулау ережесі жазылған. Құжат "Тәуелсіз Рунет" туралы заңның шеңберінде әзірленген. Аталған заң 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енеді.
Қауіп-қатер төнген жағдайда орталықтандырылған басқару режимі күшіне енеді. Ол дүниежүзілік ғаламтордан оқшаулану мүмкіндігіне ие. Мұндай жағдайда Ресейден тысқары жерге трафикті жіберуге тыйым салынады.
Тек Калининград облысы ғана оқшауланбайды. Себебі аталған аумақ Ресейдің интернеттегі негізгі территориясынан алынып тасталған. Шетелдік инфрақұрылымнан ажырау мүмкін емес.
Бұдан бөлек Ресейдің шет елдердегі елшіліктері мен консулдықтары да оқшауланбайды деген болжам бар.