Мұндай шешім өндірісті 500 мың б/с-қа қысқарту бойынша жарияланған міндеттемелерден бөлек өз алдына қабылданды, деп жазады Inbusiness.kz.
Ресей Федерациясының Вице-премьері Александр Новак мұнай нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында мұнай жеткізілімін азайту шарасы қабылданғанын түсіндірді. Новак сонымен қатар ресейлік мұнай компаниялары өндірісті немесе экспортты азайту туралы шешім қабылдайтынын, бірақ тұтастай алғанда Ресейдің міндеті — әлемдік нарықтарға мұнай жеткізуді 500 мың б/с-қа азайту екенін атап өтті.
Энергетика министрлігінің басшысы Николай Шульгинов Ресей шілде айында ерікті түрде мұнай экспортының көлемін азайта бастағанын және оларды тамыз айында толық көлемде орындауға ниетті екенін айтты.
Наурызда Ресей ақпан айының ортасынан мұнай өндіруді 500 мың б/с-қа өз еркімен қысқартуды бастады.