Ресей әлемнің төрттен бірін екпемен қамтамасыз етуге дайын

724

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі екпені әлемдік нарыққа шығарып, жыл сайын 19 млрд доллар табу мүмкіндігі бар екенін хабарлады. 

Ресей әлемнің төрттен бірін екпемен қамтамасыз етуге дайын

Ресей коронавирусқа қарсы екпені 2 аптадан соң қолданысқа шығаратын болды. Ең алдымен ол медицина қызметкерлеріне салынады, деп хабарлайды Atameken Business.

Басқа адамдарды мәжбүрлеу болмайды. Әркім өз еркімен келіссе ғана екпені қазан айынан бастап жаппай салдыра алады.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі екпені әлемдік нарыққа шығарып, жыл сайын 19 млрд доллар табу мүмкіндігі бар екенін хабарлады. Өндірушілер әлемнің төрттен бірін жаңа өніммен қамтамасыз ете аламыз деп отыр.

Дегенмен, сарапшылар оның қауіпсіз екеніне күмәнді. Осыған қарамастан, Ресейдің "Спутник" деп аталатын екпесіне Филиппин және біздің ел де қызығушылық білдірген. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлі оған қандай да бір баға берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу