Ресей алғаш рет 5G байланыс спутниктерін ұшырды

288

Ресейлік "Бюро 1440" компаниясы "Рассвет-2" миссиясы аясында үш отандық төмен орбиталық байланыс спутнигін ұшырды.  

Ресей алғаш рет 5G байланыс спутниктерін ұшырды Фото: Дзен

Бұл туралы Ресей Федерациясының Цифрландыру министрлігі баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство бұл аппараттар ресейлік ғарыш индустриясының тарихында алғаш рет абоненттермен байланыс орнату үшін 5G NTN стандартын қолданатынын атап өтті.

"Министрлік үшін интернетке жылдам әрі арзан қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін өзінің төмен орбиталық спутниктік топтамасын құру — негізгі бастамалардың бірі", — деп атап өтті министрлік басшысы Мақсұт Шадаев.

"Рассвет-2" миссиясының нәтижелерін алдағы айларда көретін боламыз. 

Пилоттық жобаға Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Новосибирск, Нижний Новгород, сондай-ақ Мәскеу мен Ленинград облыстары кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу