Ресей алғашқы жүрдек пойызын 2027 жылы сынақтан өткізбек

137

Бұл туралы Жоғары жылдамдықты магистраль ақпарат орталығы мәлімдеді.    

Ресей алғашқы жүрдек пойызын 2027 жылы сынақтан өткізбек Фото: alternathistory.ru

Ресей Федерациясындағы алғашқы жоғары жылдамдықты пойызын тестілеу 2027 жылы жүргізіледі деп жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

РФ Вице-премьері Виталий Савельев пойыз вагондарын дәнекерлеуге арналған телекөпір барысында нақтылап өткендей, сынақ бағдарламасына екі құрам қатысады.

"2027 жылғы сынақтарға жылжымалы құрамның екі үлгісі жіберіледі. Зеленоградтан Тверьге дейінгі трасса учаскесі полигон болады. Онда құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді жүріп жатыр", – деді ол.

Сынақтарға дайындықпен қатар "Уральские локомотивы" зауытында жоғары жылдамдықты электропойыздарды сериялы түрде шығару үшін өндірістік база қалыптастырылуда. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 67 мың шаршы метр болатын жаңа нысандар салынып жатыр.

Кешен құрамына шанақ компоненттерін қалыптастыру корпусы, электропойыздарды іске қосу-баптау корпусы, тартқыш жетекті сынақтан өткізу орталығы, конструкторлық орталық, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық корпус кіреді.

Ақпарат орталығы атап өткендей, құрылысты 2026 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланған. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының шамамен 60 пайызы орындалды, технологиялық жабдықтарды сатып алу және жеткізу жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу