Ресей әнұранын ауыстырмақ

928

Ресей әнұранын ауыстырмақ

ЛДПР партиясының үш депутаты мемлекеттік думаның қарауына Ресейдің мемлекеттік әнұранын, дәлірек айтқанда, Ресей империясының "Боже, Царя храни!" әнұранына ауыстыру туралы заң жобасын енгізді, деп хабарлайды Ресейдің ақпарат құралдарына сілтеп aikyn.kz.

Ұсыныс білдіруші депутаттар қазіргі қолданыстағы "Россия – священная наша держава" әнұраны кешегі кеңестік әнұранның өңделген мәтіні екенін айтып, ресейліктерді біріктіретін символ бола алмады деп санайды. Түсіндірме жазбасында олар: империялық "Боже, царя храни!" әнұраны ұлы тарихы бар елді баяндайды әрі қол жеткен жеңісіміз үшін бойымызда абырой, мақтаныш сезімін оятады" деген көзқараста.

ЛДПР партиясының депутаттары Борис Чернышов, Виталий Пашин мен Михаил Дегтярев ұсынған жоба мемлекеттік думаның заң жобаларының электронды базасына түскен.

Бастамашылар "мемлекеттік жаңа әнұран тарих сабақтастығын жалғап,  Ресейдің мыңжылдықтан артық тарихын жадымызда сақтап, құрметтейді" деген ойда.

Жаңа әнұран кезіндегі I-Николай патшаның жарлығымен бекітілгені белгілі. Бұл Әнұран 1834 жылдан 1917 жылға дейін, яғни монархия құлағанға дейін қолданыста болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу