Қазақстандық транзит жолаушылар Ресейден Air Astana ұшағымен жеткізілетін болды

952

20 наурыз күні барлық Қазақстан азаматтары жергілікті уақыт бойынша 16:25-те Air Astana рейсімен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шығады. 

Қазақстандық транзит жолаушылар Ресейден Air Astana ұшағымен жеткізілетін болды

Еліміздегі төтенше жағдай режиміне байланысты FlyArystan-ның КС7901/7902 Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстері орындалмайтын болды. Дегенмен Қазақстан азаматтары Air Astana әуекомпаниясының рейстерімен тегін қайта алады. Бұл туралы еліміздің Ресейдегі елшілігі хабарлады.

"Ұшып шығулар Мәскеулік "Домодедово" әуежайынан орындалады. Жақын арада сіздің электронды поштаңызға Эйр Астана әуекомпаниясынан жаңа билет жіберілетін болады",– деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтар әлемдегі орын алып жатқан жағдайларға байланысты үшінші елдерден Ресей арқылы қайтатын болып жоспарланған еді. Дегенмен Ресейдің коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін енгізген шараларына байланысты рейстер кестесі де өзгерді. 14 жолаушы (11 адам Доминикан Республикасынан транзитпен отанына оралуы тиіс және Германия, Шри-Ланка мен Гоа (Үндістан) елдерінен 1 адамнан) рейстердің тоқтатылу салдарынан  әуежайда тұрып қалды. Елшілік оларға қолдау көрсетіп, су және тамақпен қамтамасыз етті.

Елшілік ресейлік тараппен қазақстандықтарды басқа мәскеулік әуежайға жеткізіп, кейіннен оларды отанына жеткізу бойынша келіссөздер жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Консулдықтарында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "жедел желі" телефондары жұмыс істейді:

– Мәскеуде + 7-925-897-71-14;

– Санкт-Петербургте + 7-921-188-90-60;

– Қазанда + 7-905-020-30-42;

– Астраханда 8-927-562-0042, 8-927-562-0045;

– Омбыда +79681007303, +79681007306

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу