Ресей "арнайы операцияда" Беларусь танкілерін пайдалануда

1013

Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Ресей Федерациясы қазан айында Украинамен шайқаста күн сайын 40-қа жуық бронтехникасынан айырылып отырған, нәтижесінде Беларусьтен танктер мен жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын сұраған. 

Ресей "арнайы операцияда" Беларусь танкілерін пайдалануда Фото: DW

Ресей Федерациясының қолбасшылығы Беларусь армиясының қорларынан кем дегенде жүз танк пен жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын алған болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz DW арнасына сілтеме жасап.

Британдық барлаушылар айтуынша, бронды бөлімдер мен артиллерия Ресей әскерлерінің тактикасында "маңызды рөлге ие", ал қазір Ресей армиясы оқ-дәрілер табудан бастап, істен шыққан техниканы ауыстыруға дейін қиындықтарға тап болды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу