Ресей әскері Харьков қаласына шабуыл жасап, 1 адам қаза тапты

630

17 тамыз күні зымыран ұшырылып, 7 адам мерт болды.

Ресей әскері Харьков қаласына шабуыл жасап, 1 адам қаза тапты

18 тамызда Ресей әскері Украинаның Харьков қаласына тағы да шабуыл жасап, салдарынан 1 адам қаза тауып, 18-і жарақат алды.

Бұл туралы Харьков облыстық әскери әкімшілігінің төрағасы Олег Синегубов өзінің Telegram парақшасында хабарлады.

"Ресейлік басқыншылар таңертең Харьковтың Слободск ауданындағы жатақханаға зымыран ұшырды. 18 адам жараланды, оның екеуі – балалар. 1 адам ажал құшты. Орыс терроризмінің шекарасы жоқ!", – деді ол.

17 тамызда Ресей әскері осы қалаға 5 мәрте зымыран атып, салдарынан 7 адам қаза болды. Тағы 17 адам түрлі деңгейде жарақат алды. 

Харьков қаласының мэрі Игорь Тереховтың айтуынша, шабуыл үш қабатты жатақханаға жасалды. Ол қираған ғимаратта тұратын адамдарға баспана берілгенін айтты.

"Украина мен Харьков қанша бомбаланса да, біз аман қаламыз, жеңіп шығамыз", – деп жазды ол өзінің Telegram-дағы парақшасында.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу