Ресей әскері Харьков орталығындағы ЮНЕСКО нысанына соққы берді

178

Қала әкімі жеті адамның жарақат алғанын, тағы төртеуі құрбан болғанын хабарлады. 

Ресей әскері Харьков орталығындағы ЮНЕСКО нысанына соққы берді Фото: UKR.net

Ресей әскерлері 28 қазан күні кешке Харьков қаласының орталығына әуеден соққы берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кезекті әуе шабуылының нәтижесінде Госпром ғимаратына – республикалық маңызы бар ескерткішке, конструктивизм стиліндегі сәулеттік ансамбльге дөп тиді. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак өз Telegram желісінде хабарлады. 

Харьковтағы Мемлекеттік өнеркәсіп үйі – 1920 жылдары салынған және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген алғашқы кеңестік зәулім ғимараттардың бірі. 

Одан бөлек аурухана мен тұрғын үйлер де зардап шекті, деп хабарлады облыс әскери басқармасының басшысы Олег Синегубов. Оның айтуынша, ресейлік күштер қаланы басқарылатын әуе бомбаларымен атқылаған.

Қала мэрі Игорь Тереховтың айтуынша, Мемлекеттік өнеркәсіп ғимаратына жасалған шабуыл салдарынан жеті адам зардап шеккен. Терехов бомба түскен жер өртенгенін хабарлады. Украина Ұлттық полициясы өз кезегінде сегіз адам зардап шеккенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу