Ресей Федерациясының Каспий флотилиясының әскери кемелері Ақтау теңіз портына достық сапармен кірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ақтау теңіз портына достық сапармен Ресей Федерациясының Каспий флотилиясының кемелері, оның ішінде Каспий флотилиясының флагманы – "Татарстан" зымыран кемесі келді. Делегацияны ҚР Әскери-теңіз күштері Әскери-теңіз базасының командирі, 2 дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы қарсы алды", – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу