Ресей әскерінің Украинадағы Одесса облысының азаматтық инфрақұрылымына жасаған шабуылдарынан қаза болғандар саны артты, деп хабарлайды inbusiness.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.
"Одесса облысы. Таңертеңгі сағат 8:30-дағы жайғдай: 18 адам ажал құшты, оның екеуі – бала. 30 адам жарақат алды", – деп жазылған жергілікті биліктің мәлімдемесінде.
Ресей әскері 1 шілдеге қараған түні Одесса облысына үш зымыран ұшырды. Соққы азаматтық инфрақұрылым объектілеріне, нақтырақ айтқанда, екі демалыс базасы мен тұрғын үйге жасалды.
Украиналық әскерилердің мәліметі бойынша, олар Х-22 зымырандарын стратегиялық Ту-22 ұшақтарымен ұшырған.
Қазір құтқарушылар жарылыс болған жерді үйінділерден тазартып жатыр.
Табиғат Нұрболат