Украинаның Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, солтүстіктегі Десна ауылына түскен зымыраннан 8 адам жан тапсырып, 12 азамат ауыр жарақат алған. Донецк облысында 7 бейбіт тұрғын қаза болды. Әуе соққысы салдарынан 5 қабатты үй опырылып түскен. Қазір жергілікті халық, үйінді астында қалғандарды шығарып әлек. Арасында кішкентай балалар да бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу