"Ресей әскерилері мен зиялы қауымына қарсы санкцияны күшейту керек"

735

АҚШ-тың өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси осындай мәлімдеме жасады.

"Ресей әскерилері мен зиялы қауымына қарсы санкцияны күшейту керек" Фото: reuters.com

Ол қара тізімге Ресейдің барлау басқармасында істейтіндер мен Қорғаныс министрлігіндегі шенділердің іліккенін қалайды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Дегенмен Ақ үйдегілер бұл пікірге қарсы болған.

Конгресс спикері Ресей мен Талибан содырлары бірлесе отырып, Ауғанстандағы АҚШ әскерилеріне шабуыл жасады деп санайды. Алайда Сыртқы істер министрлігі бұл жалған ақпарат деп отыр.

"Бәрін бақылауда ұстап отырмыз. Тағы қандай санкция болатынын көре жатармыз. Барлық жол Путинге алып келетінін білеміз ғой. Олар біздің сайлауға тағы да араласуы мүмкін. Кибер қауіпсіздікке, жалпы қауіпсіздікке қатысты да күдігіміз бар. Ресеймен ісіміз болатынын ұмытпайық", – деді Нэнси Пелоси.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу